Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен:
Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;
Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз