22 Қаңтар 2021, 19:22
Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын уақытылы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Әңгіме барысында министрліктің экономиканы әрі қарай әртараптандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне 2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларындағы негізгі даму көрсеткіштері туралы баяндалды.
«Өңдеу өнеркәсібінің бірқатар секторында өсім бар. Атап айтқанда қара металлургия 4,1%-ға, түсті металлургия 2,8%-ға, машина жасау 16,3%-ға, жеңіл өнеркәсіп 15%-ға, фармацевтика өнеркәсібі 47%-ға және дайын металл бұйымдарын өндіру 19,7%-ға артқан. Статистикалық деректерге сәйкес, құрылыс саласында нақты көлем индексі 111,2% құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 өңірде оң қарқын байқалуда», – деді Б. Атамқұлов.
Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.
Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
А.Көлгіновтің мәліметінше,2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыру үшін 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Әңгіме барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу