Ерұлан Жамаубаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Жамбыл облысының Тараз қаласында Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың өңір тұрғындарымен кездесуі өтті.
Іс-шараға қаржы вице-министрі А. Бейсенбекұлы, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н. Календеров, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Е. Жамаубаев кездесу барысында қатысушыларға елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
А. Бейсенбекұлы халыққа есепті кезеңдегі бюджеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен параметрлері туралы, өңірді, атап айтсақ, Жамбыл облысын қаржылық қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Нұржан Календеров азаматтарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеді.
Кездесу барысында өңір тұрғындары салық салу және қаржы саласына қатысты сұрақтар қойды.

Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында вице-премьер Е. Жамаубаев Тараз қаласының бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарын аралады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу