Астанадағы қаржы орталығы инвесторларға Сингапур мен Дубайдағыдай мүмкіндіктер жасайды — Д. Кэмпбэлл

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» инвестициялық форумы шеңберінде Aberdeen Asset Management стратегиялық клиенттермен жұмыс жөніндегі жаһандық жетекшісі Джон Кэмпбэлл Қазақстанның инвестициялық саясатына оң баға берді.

Джон Кэмпбэлл Премьер-Министрдің цифрландыру тек IT-саласының дамуы ғана емес, жалпы экономиканы дамыту деген сөзін қолдайтынын білдірді.

«Мен Қазақстанда жасалып жатқан жұмыстарға таңданамын. Біз бүгінгі күн тәртібін қолдау үшін келіп отырмыз», — деді Джон Кэмпбэлл.

Сонымен қатар, Джон Кэмпбэлл қазіргі таңда ең бастысы — экономика тауарларының негізгі шектеулерінен кетуге тырысу деп санайды.

«Дубай, қаржы орталығының компанияларына Таяу Шығысты ашып, инвесторларға қолайлы жағдай жасай отырып, табысқа жетті. Сингапур де Оңтүстік-Шығыс Азия үшін осылай жасады. Астанадағы қаржы орталығы да инвесторларға осындай ыңғайлы мүмкіндіктер тудырады деп ойлаймын», — деп қорытындылады Д. Кэмпбэлл.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу