«Самұрық-Қазына» қоры активтерінің 20% бәсекелі ортаға беруге ниетті - Ө. Шүкеев
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 80 компанияны немес активтерінің 20%-ын жекешелендіруді ұсынады, деп хабарлады бүгін ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтің қатысуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында Қор басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев.
«Қордың жеті компаниясында 400-ден астам актив бар, олардың 80 компания немесе 20% біз әлеуметті түрде жекешелендіруге қоямыз», - деді Ө. Шүкеев.
Қор басқармасы төрағасының мәліметінше бүгінгі таңда жеке секторға тапсыру үшін көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін компаниялардың алдын ала тізімі анықталды. Бұл тізімге «ҚазМұнайГаз» бойынша - 26 компания, «Қазақстан Темір Жолы - 34 компания, «Қазатомпром» бойынша - 11 компания, «Қазактелеком» бойынша - 2 компания; в «Самұрық-Энерго» - 8 компания, «КЕГОК» АҚ - 1 компания енді.
«Бұл тізім нақтыланып, оның ішінде біздің еншілес компаниялардың топ-менеджментімен талқыланады. Сосын тізім Үкіметке тапсырылады. Жекешелендіру бойынша құзіретті орган бекітілген соң солармен бірге жұымс істеуге, компанияларды дайындауға және биылғы жылы ауқымды практикалық іс-әрекетті бастауға дайынбыз», - деп түсіндірді Ө. Шүкеев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз