ФОТОТАСПА: «Астана – жаңа қала» АЭА аймағына 2 трлн астам теңге инвестиция тартылды

«Астана - жаңа қала» АЭА аймағына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 2 трлн астам теңгені құрады, деп хабарлады «Астана – жаңа қала» АЭА әкімшілендіру басқармасы» МБ жетекшісінің орынбасары Архат Саябаев баспасөз туры барысында.

Ол аталған инвестициялар елорданың әкімшілік орталығының 300-ден астам мекемесін салуға мүмкіндік бергенін айтып өтті.

Оның айтуынша, бұл - баспана мен әкімшілік кешендер, театрлар мен Президент Әкімшілігі – Ақорда. Аталмыш нысандар Астана аймағына тартылған инвесторлардың салығынан босатылу есебінде тұрғызылды. 

№ 1 Индустриялды паркі жайлы айтқан сөзінде, ол бүгінгі таңда 58 инвестициялық нысан бар, оның 21 нысаны іске қосылған, 37 нысаны 2017 жылдың соңында қосылатынын айтты. Жыл сайынғы өнім көлемі 100 млн теңгеден асады, оған қоса 2 мың жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, басқарма жетекшісінің орынбасары айтып өткендей, инновациялық құрылым - № 1 индустриалды паркке ену міндеттерінің бірі.

«Біз аса жауапкершілікпен бұл жобаларды іріктеп жатырмыз. Оның көп бөлігі ерекше жобалар болып есептеледі. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін де бұл жобалар қажетті өнім өндіреді. Әскери техника үшін әскери оптика өндіруді, алтын құймалар мен байытылған кен, энергия үнемдеуші шыныпакеттердің өндірісін айтуға болады», - деді ол.

Айта кетейік, № 1 Индустриалды парктің инфрақұрылым құрылысына - жолдардың, құбырлардың, желілердің, кәріздердің жөнделуіне республикалық бюджеттен 19,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда салық ретінде бюджетке 30 млрд теңге қайтарылды.


Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу