ФОТОТАСПА: Астанада күзде өткізілетін дәстүрлі «Astana Leisure 2014» Халықаралық туристік көрме өз жұмысын бастады
Астанада «Көрме» орталығында «Демалыс - Astana Leisure 2014» мамандандырылған туристік көрмесі өз жұмысын бастады, бұл жолы алыс-жақын 22 шетелден 90 компания жиналды.
11-ші қазақстандық халықаралық туристік көрмеге 90 астам компания, соның ішінде туризм түрлерін дамытумен айналысатын туроператорлар, турагенттіктер, пансионаттар қатысты.
Венгрия, Вьетнам, Ресей, Корея, Латвия, Малайзия, Таиланд, Швейцария, Түркия мен Қазақстан туризм өнімдері мен қызметтерін ұсынды. Биыл әуе қатынастарына ерекше көңіл бөлініп отыр.
Көрмені ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек те келіп көрді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін үкімет деңгейінде туристік саланы дамыту жөніндегі үлкен кешенді жоспар қабылдау көзделген. Көлік, автомобиль жолдарын дамытуға, теміржол рейстерінің санын арттыруға баса назар аударылмақ.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз