Мемлекет басшысы ҚР ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.   

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның құрамы;

3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, -  делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығының мәтінінде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу