Мемлекет басшысы елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты

Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті және Экспо конгресс-орталығы ғимаратында елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған «Президент және Астана» атты фотокөрмені аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Елбасы фотокөрме жұмысымен танысқан соң, осы мерекеге арналған отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының салтанатты концертін көруге барды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу