Мемлекет басшысы кадрлық өзгерістер жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

  • Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу