Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

  • Марат Шәдетханұлы Қожаев — ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне;

  • Махамбет Хайыржанұлы Абисатов — ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Қуанышұлы Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу