Мемлекет басшысы испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесу өткізді

Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан Президенті Астана бірегей сәулетімен және өмір сүру үшін жасалған қолайлылығымен ғана емес, сондай-ақ қайталанбас атмосферасымен ерекшеленетінін атап өтті.

«Елордада тұрғысы келетін адамдардың саны артып келеді. Қала халқының саны бір миллионға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтетін боламыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Анықтама: Танымал испан сәулетшісі және мүсіншісі Сантьяго Калатрава — әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысандардың авторы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу