Елбасы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовпен кездесу өткізді

Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу