Мемлекет басшысы ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында РФ Президенті В. Путинмен кездесті

Мемлекеттер басшылары кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытудың перспективаларын қарастырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз – қиындықтарға қарамастан ілгерілеп келе жатқан экономикалық өзара іс-қимылымыздың негізі. Соңғы тоғыз айда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 31%-ға өсті. Біздің әр кездесуіміз – жаңа белес, онда ауқымды міндеттер шешіледі. Бүгінгі кездесуіміз де мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды рөл атқарады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан Президентінің өңіраралық форумды өткізу жөніндегі бастамасының табысты болғанын атап өтіп, екі елдің осы форматтағы ынтымақтастығының тиімділігі жоғары екенін айтты.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысу үшін Челябинск қаласына келді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу