Қорғаныс министрі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерін аралады

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерін - Өскемен және Семей гарнизондарының құрамдары мен бөлімшелерін аралады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Өскемен гарнизонының әскери бөлімшелерінде министр бірқатар әскери нысанды аралап, әскерилердің қызмет жағдайларымен танысты және бөлімше командирлерімен кездесті», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Министр бірлескен халықаралық жаттығуларда бірнеше рет өз мүмкіндіктерін көрсеткен әскери техникаларды қарап шықты және жауынгерлік машиналардың қыс мезгіліндегі оқуға дайындықтарын тексерді.

Ведомство басшысы сондай-ақ, казармаларды, спорт кешенін, екі жатақхана салынып жатқан құрылыс алаңын және монша-кір жуу комбинатын аралап шықты.

Ә.Жақсыбеков сонымен қатар, Семей гарнизонының Резервшілер дайындау оқу орталығында және «Семей-Инжиниринг» сауытты танк зауытында болды.


Айта кету керек, бұл зауытта танк жөндейтін цех салынуда. Жаңа цех құрастырылатын техниканың сапалық көрсеткішін едәуір өзгертеді және тактикалық-техникалық сипаттары бойынша айырмашылығы үлкен ауыр сауытты техникалардың жөнделетін түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Және министр осы зауытта құрастырылған сауытты техниканың су кедергісінен өту сынағын тамашалады.

«Мемлекет басшысының қамқорлығының арқасында қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорны бүгінде қарқынды дамып отыр. Бүгінде мұнда өз өндірісін дамытуға, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға барлық жағдайлар жасалуда. Бұл сауытты техникалар мен танктерді жөндеу жөніндегі жаңа технологиялық желілер енгізілген кәсіпорындардың бірі. Яғни, еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені орнықты дамып келеді деген сөз», - деп атап көрсетті министр өз сөзінде.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылық басқармасында кеңес өтіп, сапардың қорытындысы шығарылды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу