Мемлекет басшысы Рәпіл Жошыбаевты «Экспо-2017» көрмесінің комиссары қызметінен босатты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары қызметінен босатылды.

Рәпіл Жошыбаев әр жылдары ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, Қазақстанның Балтық елдеріндегі елшілігінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, ҚР Президентінің Хаттама қызметі мен ҚР Президенті Әкімшілігінде еңбек еткен. 2013–2016 жылдары ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымында болған. 2013 жылдың ақпанынан «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары лауазымында қызмет етті. І деңгейлі Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу