Мемлекет кәсіпкерлік үшін жақсы жағдай жасауда — Б. Палымбетов

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен Қазақстанның «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бизнеске қысым көрсетуді қысқарту қажеттігін атап өтті. Үкіметтің осы тапсырмаларды жүзеге асыруы нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Болат Палымбетовтың айтуынша, соңғы екі жылда экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істердің саны 80%-ға төмендеген.

«Елбасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жариялаған кешірімі 640-тан астам сотталған кәсіпкердің экономикалық қызметке қайта оралуына мүмкіндік берді», — деді спикер.

Жалған кәсіпкерлік қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қылмыс деп танылмайтын болды. ҚР Үкіметінің қолдауының арқасында жеке кәсіпкерлердің салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік деп тану 2 мыңнан 20 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Қорытындылай келе, Б. Палымбетов, бизнес қауымдастық өкілдері орталық мемлекеттік органдар жанындағы барлық комиссиялар мен жұмыс топтарына қатысатынын атап өтті. Бұл кәсіпкерліктің көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Осы қағида бойынша облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар мен жұмыс топтарында да өңірлік бизнестен өкілдік ету қажет.

«Бүгінде бизнес экономиканың жаңа шынайылықтары негізінде ретке келтірілуде, өндіріс оңтайландырылып жатыр, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Мемлекет, өз кезегінде, кәсіпкерлікке жақсы жағдай жасап жатыр. Жалпы алғанда, 2050 жылға қарай еліміздің ЖІӨ-де шағын және орта бизнестің үлесін 50%-дан кем емес деңгейде қамтамасыз етуге септігін тигізетін сан қырлы жұмыстар жүргізілуде», — деп сөзін қорытындылады Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу