Үкіметте ұлттық жобаларға қатысты жиын өтті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұлттық жобаларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарына біріктіру бойынша жиын өткізді.

Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында Премьер-Министрдің қолданыстағы ұлттық жобалардан саланы дамыту тұжырымдамаларына, даму жоспарлары мен мемлекеттік органдардың операциялық жоспарларына мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін, іс-шараларды, күтілетін әсерлер мен ресурстарды ауыстыру туралы тапсырмасының орындалуы талқыланды.

Жиын соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу