19 Қаңтар 2018, 10:46
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын іске асыру аясында биометрияны қолдану арқылы азаматтарды сәйкестендірудің жаңа жобасын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы PrimeMinister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.
Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттік корпорация цифрландыру аясында азаматтарды сәйкестендірудің жаңа принципін қарастырады, яғни, азаматтарға жоғары сапалы қызмет көрсету үшін азаматтарды, олардың деректерін дербестендіреді.
«Біз сәйкестендіруге тек ЭЦҚ-ны ғана емес, сондай-ақ, биометрияны да қолдануды жоспарлап отырмыз. Мәселен, сіз телефонды алып, қандай да бір мемлекеттік қызмет түріне тапсырыс бергіңіз келсе, егер сізге кеңес қажет болса, онда сіз бейне-кеңесшіні шақырасыз, егер сізге растау қажет болса және төлем жасағыңыз келсе, сіз сол арада дауыс, фотосуреттер, саусақ іздері арқылы өзіңізді сәйкестендіріп, кез-келген мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз», — деді Абылайхан Оспанов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу