17 Қаңтар 2018, 05:23
2018 жылғы 16 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйге сапары барысында бірқатар коммерциялық келісім-шарттар мен құжаттарға, оның ішінде Boeing, GE Transportation, Эйр Астана, ҚТЖ және Скат компанияларының $2,5 млрд астам көлемде америкалық өнімдер мен қызметтерді сатып алу жөніндегі жаңа келісімдеріне қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы тығыз коммерциялық және сауда байланыстарын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және екі ел экономикасының өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Президент Н. Назарбаев осы шаралар Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің озық дамыған 30 жаһандық экономикасының қатарына кіруі үшін маңызды екенін атап өтті.
Осы экономикалық ынтымақтастық мынадай негізгі бағыттарды құрайды:
Өңірлік сауда және экономикалық даму. Үкіметаралық ынтымақтастық. Қазақстан мен АҚШ ДСҰ міндеттемелерін орындау, қазіргі дау-дамайларды шешу, Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту және екіжақты инвестицияларды арттыру жөніндегі ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Екі ел жақында АҚШ пен Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларының сапарларын жеңілдету арқылы екіжақты байланыстарды нығайтатын аэронавигациялық келісімге қол қойды.
Өңірлік саудаға жәрдемдесу. Қазақстан мен АҚШ өңірдегі сауданы кеңейтуге ықпал ететін Орталық Азиядағы сауда және инвестициялар жөніндегі негізгі келісімнің (ТИФА) аясында өзара ынтымақтастығын жалғастырып келеді.
Екі жақты сауда. 2016 жылы екіжақты сауда көлемі 1,9 миллиард АҚШ долларына жетті. Екі ел сауда қатынастарын одан әрі кеңейтуге бейілдік танытты. АҚШ Қазақстанның азаматтық авиация туралы екіжақты келісімге қол қою ниетін құптайды. Бұл келісім әуе жолаушыларына қолжетімді, ыңғайлы және тиімді қызмет ұсына отырып, экономикалық қатынастарды нығайтады және іскерлік байланыстардың өсуіне ықпал ететін болады.
Коммерциялық әуе кемелерімен сауда жасау. Сапар барысында екі көшбасшы АҚШ-та 7,1 мың тікелей және жанама жұмыс орнының ашылуын қолдайтын 1,3 миллиард сомадағы «Boeing» және Қазақстан әуекомпаниялары арасындағы жекелеген келісімдерді мақұлдады. Атап айтқанда, «SCAT» компаниясы «Boeing-737 MAX 8» моделінің алты ұшағына тапсырыс берді. Алғашқы ұшақтың жеткізілуі 2018 жылғы наурызға жоспарланған. Бұл әуе кемелері «SCAT» компаниясының өңірлік және халықаралық желісін кеңейте отырып, Қазақстан мен Орталық Азияда меншіктегі және қолданыстағы «737 MAX»-тың тұңғыш үлгілері болады. Сонымен қатар Қазақстанның «Эйр Астана» ұлттық әуекомпаниясы қолданыстағы келісімшарттың талаптарына сәйкес үш «787 Dreamliner» ұшағын 2021 жылға дейін жеткізу жоспарымен сатып алуға ниетті екенін растады.
Теміржолдар. «Дженерал Электрик» (GE) және «Қазақстан теміржолы» (ҚТЖ) компаниялары 3,5 мың жаңа жұмыс орнын қамтитын, құны шамамен 900 миллион АҚШ долларын құрайтын екі жаңа стратегиялық бастама жасасты. «Дженерал Электрик Транспортейшн» команиясы «ҚТЖ» үшін 2019 жылдан жеткізіле бастайтын 300 тіркемелі локомотив жасап шығарады. Сондай-ақ, «Дженерал Электрик Транспортейшн» 2018 жылдан бастап «ҚТЖ» компаниясының қолданысындағы 175 «Дженерал Электрик Эво» локомотивіне қызмет көрсету және қолдау мақсатымен қызметін ұсыну туралы 18-жылдық келісімге қол қойды. Келісім Астанадағы ҚТЖ-ның негізгі теміржол желісін кеңейтуге арналған.
Ауыл шаруашылығы. АҚШ пен Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы сауда қарым-қатынастарын дамытудың маңыздылығын мойындайды және ынтымақтастықты, соның ішінде бірлескен ауыл шаруашылығы зерттеулерінің аясындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін мүмкіндіктерді қарастыруды жалғастырады. Бірлескен зерттеу жұмысы екі елге қауіпсіз және кең ауқымды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін табысты жұмыс істеуге көмектеседі.
Ауғанстанның дамуы. АҚШ пен Қазақстан саяси қолдау көрсету, өңірлік сауданы ұлғайту және экономикалық даму арқылы Ауғанстандағы тұрақтылық пен дамуды қолдайды. Қазақстан Ауғанстан азаматтары үшін арнайы оқу бағдарламасының аяқталғанын жариялады және Қазақстан мекемелерінде осы елдің мамандарын оқытуды жалғастыруды ұсынды.
Цифрлық инфрақұрылым. «GE Digital» және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қордың индустриялық компаниялар портфелінің цифрлық дамуын тездетуге бағытталған стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Келісім Қазақстанда тұрақты цифрлық экожүйені құрудағы компаниялардың жетістігін көрсетеді және «Predix» платформасына негізделген «GE» компаниясының цифрлық ажыратылымдарын бірлесе бағалауды көздейді.
Ғарышты зерттеудегі көшбасшылық. Құрама Штаттар Қазақстанның Халықаралық ғарыш станциясын америкалық ғарышкерлер ұшырылып, олардың аман-есен қайта оралатын бекеті болып саналатынын ризашылықпен атап өтеді. АҚШ Қазақстанға 2018 жылғы 3 наурызда Жапониядағы Ғарышты зерттеу мәселелері жөніндегі 2-ші халықаралық форумға қатысуды ұсынады. Қазақстан мен АҚШ табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан зардап шеккен елдерге ғарыш деректерін қабылдайды. Сондай-ақ, оларды таратудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған Халықаралық хартия аясында қоршаған ортаға және табиғатқа төнген қауіп-қатерлерді анықтау үшін ғарыштық техниканы қолдану саласында ынтымақтасу мүмкіндігін зерттейді.
Денсаулық сақтау. АҚШ және Қазақстан АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтерді дамытады. Сонымен қатар, Питтсбург Университетінің Медициналық мектебі (UPMC) Назарбаев Университетімен Қазақстан және бүкіл Орталық Азия азаматтарына қызмет көрсететін әлемдік деңгейдегі онкологиялық орталық құру жөнінде ынтымақтастық орнатады.
Фармацевтика. «Pfizer» компаниясы Жоғары технологиялық медициналық өнімнің қайталама қаптамасын оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігіне қатысты Қазақстанмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Оң шешім қабылданған жағдайда, бұл жоба Қазақстанда дəрі-дəрмектерді тасымалдап, сақтау үшін салқындату тізбегі жүйесін жетілдіру шараларын қамтуы мүмкін.
Қазақстан және болашақ энергиясы
«Экспо-2017» халықаралық көрмесі. Қазақстан «Болашақтың энергиясы» тақырыбы аясында энергетика саласының инновациядағы көшбасшылығын көрсете отырып, Астанада «Экспо-2017» көрмесін өткізді. Экспо алаңы «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Инновациялық технологиялар паркі үшін берілетін болады.
Стратегиялық энергетикалық диалог. 2017 жылы Құрама Штаттар мен Қазақстан бұрынғы екіжақты энергетикалық әріптестікті Стратегиялық энергетикалық диалогқа дейін көтерді. Диалог аясындағы практикалық талқылаулар 2018 жылы басталады. Бұл кеңейтілген формат бейбіт атом өнеркәсібін дамыту, көміртегіні ұстау, сақтау және қолдану технологиялары мен энерготораптардың тұрақтылығы, сондай-ақ ядролық қауіпсіздік пен таратпау салаларындағы ынтымақтастықтың негізін қалайды.
Мұнай мен газды экспорттау және инвестициялар. «Шеврон» және «ЭксонМобил» компаниялары Қазақстан нарығына 1993 жылы еніп, жаңа тәуелсіз елге инвестиция жасаған алғашқы ең ірі мұнай кәсіпорындарына айналды.
Атом энергетикасы. Қазақстан және Құрама Штаттар қауіпсіз атом энергетикасын ілгерілету бойынша ынтымақтасуға ниетті.
Өңірлік энергетикалық жүйені жаңғырту. Қазақстан мен Құрама Штаттар Орталық Азияның өңірлік энергетикалық жүйесін қайта біріктіруге, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға, экономикалық тұрақтылықты жақсартуға және коммерциялық инвестицияларды қолдауға арналған технологиялар мен жобаларды зерделеуге келісті.
«Болашақтың энергиясы» – өңірдің атмосфераға зиянды заттарды аз көлемде шығаратын, климаттық тұрғыдан орнықты экономикаға өтуіне қолдау көмектесетін 2015 жылғы Орталық Азияның бес елі мен Америка Құрама Штаттарының әріптестігі (С5+1) туралы бірлескен декларация аясындағы өңірлік шара.
«Болашақтың энергиясы» бағдарламасы Қазақстандағы энергетикалық тиімділікті арттыратын, сондай-ақ парниктік газдарды шығаруды азайтудың биік мақсаттарын белгілеп, оларға жету мүмкіндіктерін жақсарту үшін қайта қалпына келетін энергия саласындағы жобаларды қолдайды.
Адам капиталын нығайту
Визалық бағдарлама. 2015 жылы Қазақстан АҚШ азаматтары үшін визасыз кіру жөніндегі қысқамерзімді бағдарламасына бастамашылық жасады, ал Құрама Штаттар Қазақстан азаматтары үшін 10 жылдық іскерлік және туристік визаларды бере бастады. Бұл визалық режімдер инвестиция және туризм үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, екі ел арасындағы байланыстың артуына ықпал етті.
Саяхаттар. Бүгінде Құрама Штаттарда шамамен 26 мың Қазақстан азаматы тұрады. Ал Қазақстанда 5 мыңнан астам АҚШ азаматы мекендейді. Өткен жылы Құрама Штаттар Қазақстан азаматтарына 18 мың виза берді, бұл Құрама Штаттарға көптеген сапар жасауға мүмкіндік берді.
Білім беру. Құрама Штаттар Қазақстан Республикасына үштілді қоғам құру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді. Құрама Штаттар Қазақстанда ағылшын тіліне қолжетімділікті жақсарту және ағылшын тілі мұғалімдерінің жаңа буынын даярлау мақсатымен даму бағдарламасын ресурстармен қамтамасыз ететін болады. 2017 жылы 2800-ден астам қазақстандық мұғалімдер ағылшын тілінен біліктілігін арттыру жөнінде интернет-семинарларға қатысты.
«Болашақ» бағдарламасы. 1993 жылы Қазақстан шет елдерде оқу үшін «Болашақ» президенттік стипендиясы бағдарламасын бастады. Қазақ тілінде «келешек» ұғымын білдіретін «Болашақ» бағдарламасы Қазақстан жастарын әлемнің ең үздік университеттерінде оқытудағы маңызы зор.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу