«Бәйтерек» холдингі Қостанай облысы бойынша 160 млрд теңгеге инвестициялық жобаларды жүзеге асырды
«Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, деп хабарлайды ұлттық холдингте.
«Бүгінде облыста холдингтің қолдауымен жалпы құны 160,4 млрд теңгеге 5 инвестициялық жоба мен 4 экспорттық операция іске асырылды. Осы инвестициялық жобалар шеңберінде 1432 тұрақты жұмыс орны құрылды», - деді Қ Бишімбаев.
Сапар барысында облыста холдингтің қолдауымен іске асырылған ең ірі жобалардың бірі Қостанайдағы 131 млн АҚШ доллары сомасына өнімділігі жылына 450 мың тонна ұсақ сұрыпты болат шығаратын кешеннің құрылысы болып табылады.
Атап айтқанда, ол өңір әкімдігінің «Бәйтерек» холдингімен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жиналыс жұмысына қатысты.
Сондай-ақ, Ынтымақтастық туралы меморандумға құрылыс компанияларының басшылары мен холдингтің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев қол қойды. Бұдан басқа, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен ынтымақтастық туралы уағдаласып, тиісті меморандум жасасты.
«Қостанай облысы холдингтің қолдауымен еліміздегі автомобиль өнеркәсібінің ең басты орталықтардың біріне айналды. Мысалы, холдинг «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ның өндірістік қуатында Toyota Fortuner автомобильдерін құрастыру жөніндегі жобаның қаржыландыруын қамтамасыз етті (жылына 3000 автомобильге дейін, жоба құны – 100 млн. АҚШ доллары. «ҚДБ» АҚ-ның қарыз сомасы – 45 млн. АҚШ доллары)», - деді ол.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз