Қ. Өскенбаев: жаңа ақылы автожолдардан 147 млн тг жиналды

Төрт ақылы жол қазіргі қарқын сақталған жағдайда жылына 5,4 млрд тг жуық кіріс әкелуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді.

Қаңтарда жаңа автожолдарда (Астана — Теміртау, Алматы — Қапшағай және Алматы — Қорғас) төлем жүйесі енгізілді. Аталған кезеңде 147 млн теңге жиналды.

«Қазіргі қарқын бойынша жылына шамамен 5,4 млрд теңге жиналуы керек. Біз осы жолдар толығымен өзін-өзі қамтамасыз ететін болады деп көздеп отырмыз. Біздің есептеуімізше, бұл жолдарды және Бурабайға апаратын (Астана – Щучинск) жолды орта есеппен жыл сайынғы қамту 3,8 млрд теңгені құрайды. Аталған жүйе жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр, келешекте біз осы жүйеге толығымен ауысамыз деп ойлаймын», — деді Қ. Өскенбаев.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, Астана — Павлодар трассасы бойынша барлық жұмыстар биыл аяқталады.

«253 км жерде жұмыстар аяқталды, қалған бөлігі биыл толықтай ретке келтіріледі. Осы жылы аталған трассаны толықтай ашамыз», — деді Қ. Өскенбаев.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу