Қазақстан мен Беларусь: сауданы реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚР сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің бірінші орынбасары Иван Вежновецпен кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының делегациясы Беларусь Республикасында Сауда-экономикалық миссиямен барды. Қазақстандық делегацияны ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарады.

Миссия аясында Қ. Төребаевтың БР Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің орынбасары Иван Вежновецпен кездесуі өтті. Тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны реттеудегі елдердің тәжірибесін және жосықсыз бәсекелестікке қарсы күрес шараларын талқылады.

Атап айтқанда, Қайрат Төребаев отандық тауарлар сөрелерінде реттеу және ілгерілетудің қазақстандық құралдары туралы ақпаратпен бөлісті.

«Нарықтық экономика жағдайында бағаны тұрақтандыру өте қиын. Тыйым салатын әдістермен нарықты реттеу мүмкін емес болғандықтан, біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға жұмыс істейміз. Өткен жылы нарықтық бағадан төмен бағамен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі міндеттемемен айналым қаражатын толықтыруға сауда желілеріне қарыз беру «айналым схемасы» іске қосылды. Радикалды шаралар да бар: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәнінен асып кеткен жағдайда оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері жыл ішінде 90 күнге дейін белгіленуі мүмкін», — деді Қ. Төребаев.

Ол сондай-ақ делдалдармен күрес аясында Қазақстан қазіргі заманғы тауар өткізу жүйесін: көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар желісін құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Беларусь тарабын Қазақстанның тұрақтандыру қорлары арқылы бағаның өсуін тежеу жөніндегі тәжірибесі қызықтырды. Олар сондай-ақ, Нұр-Сұлтанның ретро-бонустар бойынша сауда желілерімен жұмыс істеу тәжірибесі бойынша ақпаратпен бөлісуін сұрады.

Тараптар экономиканың цифрлық түрленуі, сондай-ақ азық-түлік тауарларының биржалық саудасы жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттердің тәжірибесін талқылады.

Қазақстандық тарап Минсктің арнайы импортерлер институтын сақтау мәселесін көтерді, бұл ЕАЭО елдерінің алкоголь өнімін өндірушілерінің Беларусь нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір шектейді. Қайрат Төребаев қазақстандық компаниялардың арнайы импорттаушыларды іріктеу конкурсына қатысуының заңды мүмкіндігіне қарамастан, соңғы кезеңде конкурстық іріктеу рәсімдерінің ашықтығын басқару мүмкін емес екенін айтты.

«Комиссия отырысы жабық режимде өтеді. Қорытынды шешім қабылдау принципін нақты бақылауға мүмкіндік жоқ», — деді Қ. Төребаев.

Жалпы, тараптар сауда қызметін реттеу, тұтынушылардың мүдделерін қорғау және адал бәсекелестікті қамтамасыз ету тұрғысынан министрліктер арасындағы ынтымақтастықты және ақпараттық алмасуды тереңдету қажеттігі туралы пікірге келді.

Қорытындысында ҚР сауда және интеграция министрлігі мен БР монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Сауда және қоғамдық тамақтандыру, ішкі тұтыну нарығын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу