22 Тамыз 2017, 07:00
41 млн АҚШ доллары көлеміндегі алғашқы транш Қырғызстанның кеден, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және карантин қызметтерін жетілдіруге жіберілді.
22 тамыз күні Шолпан Ата қаласындағы «Ыстықкөл - 2017» экономикалық форумы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғызстан Вице-Премьер-Министрі Олег Панкратовтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында техникалық жәрдем шараларының тізіміне ҚР қаржы вице-министрі Қанат Байеділов және Қырғызстан Республикасы экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов қол қойды.
2016 жылдың желтоқсан айында қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметінің арасындағы еуразиялық экономикалық бірігу жағдайындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуы жөніндегі келісімдер аясында Қазақстан 100 млн АҚШ долларын бөледі.
Қол қойылған тізімге сәйкес, алғашқы транштың құны 41 млн АҚШ долларын құрайды.
Қырғызстан және ЕАЭО аумағындағы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қырғыз Республикасының тек ветеринарлық және карантинді қызметтерін жабдықтау және жетілдіруге Қазақстаннан 22 млн АҚШ доллары көлеміндегі техникалық көмек бөлінеді.
Көрсетілген жәрдем Қырғыз Республикасының қысқа мерзім ішінде ел экономикасын ЕАЭО талаптарына бейімдеуіне жол ашады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу