Қазақстан инвестициялық жеңілдіктер пакетін айтарлықтай кеңейтті - «KAZNEX INVEST» АҚ

Қазақстан 2014 жылдан бастап инвестициялық жеңілдіктер пакетін кеңейтті, деп хабарлады бүгін Қазақстан-Жапония бизнес-форумы барысында «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жанғұразов. 

«2014 жылдан бастап Қазақстан инвестициялық жеңілдіктер пакетін жақсартты», - деді Б.Жанғұразов.

Оның айтуынша, бәрінен бұрын ЭЫДҰ 19 еліне кіру визалары алып тасталынған болатын, және 2017 жылдан бастап аталған тізім 34 елге дейін кеңейтіледі. Бұдан өзге, Инвестициялар және даму министрлігімен келісімге отырған инвесторларға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу қажет болмайды. 

«2014 жылдан бастап жаңа пакет әрекет етеді, ол экономиканың басымдықты салаларына инвестиция салған инвесторларға инвестициялық шығындардың 30% өтемақы алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ инвесторлар корпоративтік кіріс салығынан 10 жылға, жер салығынан - 10 жылға және мүлікке салынатын салықтан - 8 жылға босатылады», - деп баса айтты ол. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу