Қазақстандық компаниялар «Экспо-2017» көрмесінің энергия тиімді технологияларын белсенді түрде енгізе бастады

Өндіріске «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған энергия тиімді жобаларын енгізу туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте «Led System» ЖШС директоры Амангелді Таукенов айтып берді.

Амангелді Таукенов айтып өткендей, Қазақстанда жасыл энергетика мен энергия үнемдеу саласын дамыту нақты перспективаларға ие. Мемлекеттің даму стратегиясына сәйкес 2050 жылға қарай Қазақстандағы барлық электр энергиясының 50 пайызын жаңғыртылатын көздерден өндіру жоспарланған. 

«Экспо-2017» көрмесі аясында Led System компаниясы толық циклді жарықдиодты өндіріс жобасы және бейнебақылау мен жарылу қаупі бар заттарды табудың кіріктірілген жүйелері бар көшені және саябақты жарықтандырудың дербес жарықдиодты көздерін әзірлеу және жасау бойынша жобаны таныстырды.

Бүгінгі таңда ҮИИД бағдарламасы аясында «Led System» ЖШС «Астана Жаңа қала АЭА»-да жарықдиод өндірісі іске қосылды, онда толық циклді технологиялық тізбек құрылды және ауысымына шамамен 6 мың дана филаментті шамдар шығаратын желі іске қосылды. 

«Ғылым қоры» аясында өндіріс, оның ішінде жылыжайларға арналған нано-фосфор құюмен екінші буынның жарықдиодты шамдарын жасап шығаруға грант алынды, соның арқасында зауыт агрофотониканың танымал бағыты — жылыжайларда көкөніс өсіруге арналған жарықтандырумен белсенді айналыса бастады. Бұл бағыттағы жоба іске асырыла бастады және қазір қаржыландырудың белсенді кезеңінде», — деп атап өтті А. Таукенов.

Айта кеткен жөн, инновациялық технологиялар енгізу және пайдалану негізінде заманауи жылыжайларды жаңғырту мен салу  жылу мен энергия тасымалдаушыларға шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, бұл нарықты жылыжай көкөністерімен әлдеқайда толық молықтырудың маңызды бағыты, көкөніс өнімдерінің импортын алмастыруға елеулі үлес және экономикалық тиімділікті арттыру болып табылады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу