04 Сәуір 2018, 13:22
Kazakh Invest-тің инвестициялық даулардың сотта қаралуы, салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыс деп танымау, көші-қон режимінің рәсімдері секілді салалардағы жаңа заңнамалық бастамалары Астанада өткен дөңгелек үстел барысында талқылады.
Бүгін Астанада сарапшылардың, Жоғарғы Сот пен мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкідерінің, инвестициялық қауымдастық пен Қазақстанның бизнес ортасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «100 қадам» бағдарламасын іске асыру аясында енгізілген және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша маңызды факторлардың біріне айналған инвестициялық сот ісін жүргізу институты жұмыс істей бастады.
«Қазіргі таңда инвесторларда құқық қолдану тәжірибесі, ведомстволықты айыру және инвестициялық даулардың сотта қаралуын шектеу бойынша мәселелер туындап отыр. Бүгінде инвесторлармен жүргізілген талдау мен диалогты есепке алып бірқатар бастамаларды талқылағымыз келеді. Атап айтқанда, қылмыстылықты анықтау, «инвестициялық дау» түсінігін кеңейту, ірі инвесторлардың қатысуымен инвестициялық дауларды апелляциялық қарастыру мүмкіндігін беру» — деді дөңгелек үстел барысында Kazakh Invest басқарушы директоры Әсел Сүгірбаева.
Шетел инвесторларымен ашық келіссөз алаңын құру мақсатында Kazakh Іnvest құрылымында шетелдік инвесторлар мүдделерінің қанағаттануына талдау жүргізетін, «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға сүйемелдеу жасайтын, сондай-ақ инвестициялық қызмет барысында туындайтын мәселелерді шұғыл әрі жүйелі негізде шешуді қамтамасыз ететін сервистік қолдау және инвестициялаудан кейін мониторинг жүргізу департаменті құрылғанын атап өту керек.
«Kazakh Invest инвесторлардың барлық тілектерінің ескерілуіне мүдделі және біз әр инвестордың талабы ескерілетін алаң құрдық», — деп атап өтті Ә. Сүгірбаева.
Қазіргі таңда Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқа соты Ж. Ермағамбетова атап өткендей, Жоғарғы Сот инвесторлардың сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында өзара іс-қимылдың ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы қабылданатын болады және дөңгелек үстелде көтерілген сот мәселелерін қамтитын Әкімшілік-процессуалдық кодекс жобалары әзірленеді.
Талқылау қатысушылары процессуалдық заңнаманың түрлі аспектілеріне назар аударды. Ernst&Young компаниясының өкілдері процессуалдық мерзімдерді ұзарту мүмкіндігіне, сондай-ақ шағымды қамтамасыз ету шараларын қайта қарауға мүдде білдіріп отыр. Grata компаниясының заңгерлері экологиялық және салық заңнамасы мәселелерін қозғады, сондай-ақ инвестициялық даулардың қылмыстылығы тақырыбының өзектілігін растады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Kazakh Іnvest алаңында заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты бірыңғай ұсынымдар әзірленді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу