Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды

Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 2021-20125 жылдарға арналған орнықты даму саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура қол қойды.

Ынтымақтастық бағдарламасы алдағы 5 жылдағы Қазақстан мен БҰҰ-ның бірлескен қызметінің негізгі құжаты болады. Ол үш бағыттағы жұмысты қамтиды: адамның дамуы және теңдік қатысу; тиімді институттар, адам құқықтары және гендерлік теңдік; тұрақты қоршаған орта және инклюзивті экономикалық даму.

Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы серіктестіктің ерекше маңыздылығын еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  өткен жылы қыркүйекте Нью-Йоркке өткен БҰҰ тұрақты даму жөніндегі  саммитінде  және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кездесуінде сөйлеген сөзінде растады. БҰҰ-мен өзара іс-қимылды нығайту – біздің сыртқы саясатымыздың маңызды бағыттарының бірі деп атап өтті.

«Мен жаңа бағдарлама болашақтағы ынтымақтастықтың одан әрі кеңейтетініне және Қазақстанның одан әрі орнықты дамуын, халқымыздың әл-ауқатын жақсартудың негізі болатынына күмәнім жоқ», – деді  Әлихан Смайылов.

Ә.Смайылов Қазақстанның барлық маңызды халықаралық бастамалары алғаш рет БҰҰ алаңында айтылғанын атап өтті. Қазақстан Ұйымға қабылданғаннан бері 27 жылдан астам уақыт ішінде қызметтің барлық бағыттары бойынша серіктестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізіді. Тұрақты дамудың 2030 жылға арналған күн тәртібінің және оның 17 мақсатының орындалуы екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты координаторы Норимаса Шимомура соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан үкіметі мен БҰҰ тобы осы бағытта, соның ішінде ТДМ бойынша Координатор кеңесі аясында бірлескен жұмыстардың үлкен көлемінде атқарылғанын атап өтті. Жергілікті атқарушы, жергілікті билік органдарымен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен нәтижелі өзара іс-қимыл орнатылды, осыған орай БҰҰ Қазақстанға қолдауын кеңейтуде.

«Осы сәт БҰҰ елдік командасы үшін тарихи оқиға, өйткені біз Қазақстан Үкіметімен және халық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басты. Біз ынтымақтастықтың жаңа шеңберін үкіметтің, азаматтық қоғамның, академиялық топтар, жеке сектордың, бұқаралық ақпарат құралдарының, халықаралық қауымдастықтың және БҰҰ-ны қоса алғанда, стратегиялық серіктестердің ресурстарын шоғырландыру арқылы Қазақстанда 2030 күн тәртібін іске асыруда одан әрі алға жылжу механизмі ретінде қарастырамыз», – деді Н. Шимомура

Коронавирустық пандемия жағдайында осы жаһандық проблеманың жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдарын жұмсарту шараларын асыра бағалау қиын. Екі тарап бірлескен күш-жігердің арқасында қиындықтарды жеңуге және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге болатындығына сенім білдірді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу