Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ағымдағы жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады. 

А.ж. 3 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 93 820 науқас тіркелген, оның ішінде 27 597 адам ем алуда, 65 132 (69,4 %) адам емделіп шықты, 1091 адам көз жұмған. Жалпы, еліміз бойынша өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда ауру жұқтырғандардың тіркелуінің 18%-ға төмендегені байқалады. 

«Карантиннің 4 аптасында төсектердің бос болмауы 56%-ға, оның ішінде реанимациялық төсек орындарының бос болмауы 36%-ға төмендегені байқалады. Сауыққандар саны 69,4%-ға дейін өсті. Жедел жәрдемді шақырулар, оның ішінде коронавирус бойынша шақырулар саны 40%-ға төмендеді. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші 24%-ға, яғни 1,2-ден 0,89-ға дейін төмендеді. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді», — деді А. Цой. 

Оның айтуынша, инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішінің динамикасы (бір науқас ауруды жұқтырған адамдар саны) коронавирус инфекциясының расталған жағдайларын тіркеу негізінде есептеледі. Біреуден көп көрсеткіш жұқтырған пациенттердің өсу тенденциясын көрсетеді. Вирустың репродукциясының біреуден төмен болуы ауруды жұқтырған бір адамнан жұқтыратын адамдар санының азайғанын көрсетеді. 

«Қатаң шектеу шараларын енгізгенге дейін репродукция көрсеткіші 1,2 құрады. Карантин енгізілгеннен кейін екі аптадан кейін біз репродукция көрсеткішінің тұрақты төмендеу тенденциясын байқап отырмыз. Кейінге қалдырылған оң динамика инфекцияның 14 күнге созылатын инкубациялық кезеңіне байланысты», — деді  министр.

23 шілдеден бастап инфекцияның көбею көрсеткішінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады және 4 тамыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 0,89 деңгейге дейін төмендеді. Бұл енгізілген карантиннің және жағдайды тұрақтандыру бойынша барлық жерде қабылданған шаралардың тиімділігін тағы да растайды. Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда, бұл көрсеткіштің біреуден төмен болуы маңызды. 

А. Цой атап өткендей, 4 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола, Қостанай облыстарынан басқа барлық өңірлерде репродуктивтілік көрсеткішінің көрінісі бірліктен жоғары емес бетбұрыс деңгейіне жетті.

«Статистиканы есепке алу тәсілдерінің өзгеруіне байланысты 1 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы он күніндегі деректер негізінде репродукция көрсеткішіне қайта есептеу жүргізеді. Өңірлердегі жағдайды одан әрі бағалау жалғасады», — деді А. Цой.

Министрдің айтуынша, маска кию талабы әрбір қазақстандыққа қатысты. Министрлік маска кию тиімділігінің халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізді. Сонымен, 1 айдан кейін маска режимінің мультипликативті әсері вирустың көбею әсерін 4 есеге дейін төмендетеді. 

«Бұрын хабарлағанымыздай, егер маска киген адамның ауруды жұқтыру ықтималдығы 30%-ға аз болса, бұл бір айдан кейін жұқтырған адамдардың санына сәйкесінше 300-ден 85-ке дейін азаюына әсер етеді. Әлеуметтік қашықтықты сақтаумен қоса алғанда, мультипликативті әсер айына 1 адамға дейін ғана жұқтыру деңгейіне жетеді», — деді денсаулық сақтау министрі.

А. Цой сонымен қатар маска тағу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы бұйрыққа енгізілген өзгерістерге тоқталды

«Масканы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуына арналған үй-жайларда; қоғамдық көлікте; ашық ауада қоғамдық орындарда кию міндетті. Мынадай санаттарды қоспағанда: бес жасқа дейінгі балалар; әлеуметтік ара қашықтықты сақтаған жағдайда жеке, 5 адамнан аспайтын  топтық спортпен шұғылдану кезінде; және медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында ашық ауада әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып  маскасыз жүруге болады», — деді ведомство басшысы.

А. Цой атап өткендей, маска кию қоғамда пайдалы әдетке айналуы тиіс. Өкінішке орай, бұл бүгінгі күні аса уақытша қажеттілік. Маска режимін міндетті түрде қамтамасыз ету аурудың таралу қарқынын төмендету үшін қосымша фактор болады, өйткені тұрғындар арасында инфекцияның таралуын қысқартады. 

«Санитарлық талаптардың күшеюінің арқасында соңғы төрт аптада барлық өңірлерде халықтың ауруға шалдығуы айтарлықтай төмендегені байқалатынына назар аударғым келеді. Орташа есеппен алғанда, ел бойынша ауруды жұқтырудың тәуліктік өсімі бір жарым есеге жуық төмендеді», — деп түйіндеді денсаулық сақтау министрі. 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу