Елорда күніне орай Астанада «Астана - 2050» бизнес-порталы іске қосылады

Елорда күніне орай Астана нарығына қызығушылық танытқан елордалық кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған
«Астана-2050» бизнес-портал іске қосылады, деп ОКҚ брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Мейірбек Мәжитов мәлімдеді.

«Елорда күніне орай Астананың Кәсіпкерлер палатасы «Астана-2050» бизнес-порталын іске қосады. Портал іскерлік ақпаратқа қолжетімділікті арттырып, шетелдік инвесторларға шығуға мүмкіндік береді. Бизнес-порталда елорданың барлық экономика саласы бойынша сараптамалық ақпарат орналастырылады, сондай-ақ мемлекеттік-қаржылық көмек көрсету, елорда кәсіпорындарының байланыстары көрсетіледі», - деді М. Мәжитов.

Жалпы, М. Мәжитовтың айтуынша, бүгінгі таңда елордада 56 мың бизнес субъектісі жұмыс істеуде. Шағын және орта бизнестің қызметі 60 жалпы өңірлік өнімді құраса, 67 пайыз салық түсімінің шағын және орта бизнесінің үлесін құрайды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу