26 Маусым 2018, 06:37
ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлік қызметті жетілдірудің жаңа шаралары туралы мәлімдеді.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, елімізде ауқымды тексеріс жұмыстары жүргізілген.
«Елімізде 1 млн 200 мың белсенді бизнесмен жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 81 мың тексеріс жүргізілген. Бұл 2010 жылғымен салыстырғанда шамамен 5 есеге аз. Енді біз бақылау-қадағалау функцияларын қысқартамыз. Заң қабылданғанға дейін 544 функция болды, 108 функцияға қысқартамыз, 436 қалады», — деп хабарлады ол.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, бақылау алдын-алу мақсатында жүргізіледі. Бұзушылықтарды бірінші рет анықтау кезінде кәсіпкерлерге айыппұлдың орнына дәлсіздіктерді жою қажеттілігі туралы ескерту жазылады.
Бұдан өзге, Р. Дәленовтың айтуынша, кәсіпкерлік қызмет туралы заңға ұсынылған түзетулердің тағы бір жаңалығы — барлық тексерістерді цифрландыру.
«Тексеру қалай жүріп жатыр, кім жүргізеді осының бәрін анықтау үшін біз объективті тексеру жүргіземіз. Мұның барлығы бақыланады», — деді ол.
Бірінші вице-министр елімізде бұған дейін 1600 есеп түрі болғанын еске салды. Бүгінде олардың саны — 1200.
«Біз 400 түрге дейін қысқарттық, электрондық форматқа аударамыз. Ұлттық экономика министрлігі бұйрық шығарады және осы тізімге енгізілмеген есептердің түрлерін мемлекеттік органдар бизнестен талап ете алмайды. Тізімде болмаса – ешқандай мемлекеттік орган талап ете алмайды. Бұл өте жақсы жаңалық. Қандай да бір мемлекеттік орган, орталық немесе жергілікті орган бизнеске есеп берудің жаңа түрін енгізбестен бұрын, алдымен бұйрыққа енгізіп, реттеуші ықпалдың талдауынан өткізіп, содан кейін барып енгізе алады», — деп түсіндірді Р. Дәленов.
Заңды іске асыру үшін 146 заңға тәуелді акті қабылдануы тиіс. Оның ішінде «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позицияларын жақсарту мақсатында НҚА қабылдау жоғары маңызға ие.
Еске сала кетейік, биыл 24 мамырда Мемлекет басшысы Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері туралы заңға қол қойды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу