«Алтын Сапа» байқауы Еуропалық сапа сыйлығы принциптері бойынша өткізіледі – Ғ.Дұғалов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алтын Сапа» сыйлығын алуға байқау қазақстандық кәсіпкерлер арасында Еуропалық сапа сыйлығы принциптері бойынша өткізіледі, деп баса айтты ОКҚ брифингінде ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов. 

«Алтын Сапа» байқауының негізіне  Еуропалық сапа критерийлері жатады. Үрдіс айқын болуы үшін әр критерий сандық мәнге ие болады, жалпы баға ережеге сәйкес 1000 балды құрайды», - деді Ғ.Дұғалов.

Оның айтуынша, байқау қатысушыларын бағалау төрт кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезең - кәсіпорындардың бекітілген үлгі бойынша өзін-өзі бағалауы.

Екінші кезең – комитеттің аумақтық департаменттері басқаратын өңірлік комиссия тексеруі. Сонымен бірге, комитет төрағасының орынбасары атап өткендей, қоғамдық ұйымдардың қатысуы міндетті, ҰКП өкілдерінен бөлек комиссия құрамына тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қауымдастық және қоғамдық бірлестіктер мүшелері енеді.

Үшінші кезең - Инвестиция және даму министрлігінің материалдарын сараптау және дайындау. Және ақырғы төртінші кезең -байқау комиссиясының президент сыйлығы лауреаттарын анықтауы, оның басқарушы органы ҚР Президенті Әкімшілігі болып табылады.

Ғ.Дұғалов байқау ережелеріне енгізілген өзгерістердің арқасында биылғы жылдан бастап сыйлық лауреаттары сыйлық эмблемаларын жарнамалық мақсатта оны бергеннен кейін төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу