Қымбат, бірақ қауіпсіз. ТЖМ басшысы су тасқыны кезеңіне дейін алдын ала шешім қабылдауды қажет ететін қауіпті аймақтарды атады

Әзірге еліміз бойынша су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Десе де, «Қазгидромет» РМК-нің алдын ала болжамына сәйкес, ақпан және наурыз айларының соңында республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормадан артық жауын-шашын түсуі ықтимал. Бұл ақпаратпен ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында бөлісті.

Осыған байланысты, 10 өңірдің елді мекендерін, атап айтқанда, тау суларының ағыны салдарынан: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары; қардың көп еруіне байланысты: Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлерін су басу қаупі бар.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізді. «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды. Елді мекендерде уақытша бөгендер салу және үйемелеу (114 км), арықтарды, каналдарды (1 904 км), сондай-ақ авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту (5 002 дана) нақты түрде жүзеге асырылды. Елді мекендерден 10,5 млн текше метрден астам қар шығарылды. Бірақ жыл сайынғы тәжірибе көрсеткендей бұл жеткіліксіз», — деп атап өтті спикер. 

Соңғы үш жылдағы статистикаға сәйкес, қабылданған алдын алу шараларына қарамастан, жылда Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басуда. Осы дәйектерді ескере отырып, халықты су тасқыны қаупінен қорғау мәселесін жедел және бұдан да нәтижелі шешу қажет. 

«Бұған дейін 2017 жылдан бастап әр үш жыл сайын Жол карталары бекітілді. Оларды іске асыру өзінің ішінара тиімділігін көрсетті. Олардың орындалуын талдау іс-шаралардың көп бөлігі орындалмағанын және келесі Жол картасына ауыстырылғанын көрсетті. Бұның себебі барлық көзделген шаралардың тиісті қаржыландырудың болмауы. Жекелеген іс-шараларды тек нүктелік күшейту болды. Нәтижесінде, соңғы Жол картасы (2021–2023 жылдар) тек 58%-ке іске асырылды, 92 іс-шара орындалмады. Кейде жобалардың қымбаттауына байланысты жекелеген іс-шараларды іске асыру үшін қаржы қаражаты жеткіліксіз болды. Оларды қосымша қаржыландыруға көп уақыт кетеді», — деді министр.  

Осыған байланысты жергілікті деңгейде әкімдіктердің тиісті құзыреті мен тетігі бар су тасқынына қарсы іс-шараларды 100% қаржыландыруды жоспарлау қажет. Қабылданған шаралар тиімді болуы тиіс және уақытша болмауы керек, нәтижесінде олар өңірлердегі су тасқыны жағдайын шешуі керек.

«Мысалы Көксарай суреттігішінің құрылысы Сырдария өзеніндегі 400-ден астам елді мекенді су басу қаупін біржола жоюға мүмкіндік берді. Биыл Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басу қаупін болдырмайтын Есіл су реттегішін салу жоспарлануда. Республика бойынша 40 су қоймаларын салу керек. Бұл әкімдіктер үшін қымбат болады, бірақ бұл халықтың қауіпсіздігін арттыруға және олардың мүлкін жоғалту салдарынан туындайтын әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде жазғы кезеңде ауыл шаруашылығы алқаптарын суару мәселелерін шешеді», — деп мәлімдеді Шыңғыс Әрінов.

Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, жою іс-шаралары кезінде бөлінетін қаражат сомасы төтенше жағдайларды ескерту үшін алдын ала пайдалануға болатын қаражаттан жүздеген есе көп. Үкіметтің қаңтардағы отырысында тиісті бағдарламалық құжаттарда су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырма берілді.

Өз кезегінде, Шыңғыс Әрінов министрлік халықты қорғау жөніндегі жауапкершіліктен қашпайтынын айтып, төтенше жағдайлар туындаған кезде барлық қажетті көмек көрсетілетін болады деп сендірді.

«Соңғы жылдары гидротехникалық құрылыстарға тиісті көңіл бөлінбейді. Олардың тұрақтылығының нашарлығына байланысты су қоймаларының бұзылу қаупі және елді мекендерге төнген қауіп бар. Бұл ретте жөндеу жұмыстары тек республикалық құрылыстарда жүргізіледі, коммуналдық және жеке жұмыстар жылдар бойы назардан тыс қалуда. Бүгінде Су ресурстары министрлігінің деректері бойынша республикада 1,5 мың гидротехникалық құрылыс орналасқан, оның жартысына жуығы немесе 537-сі жөндеуді қажет етеді», — деді ТЖ министрі.

Олардың көбісі су тасқыны қаупі бар аймақтарда орналасқан. Бұл Қарағанды, Шығыс және Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Абай, Жамбыл, Қостанай облыстары. Бұдан басқа олар бұзылған жағдайда жергілікті құлақтандыру жүйелерінің болмауы адам шығынына әкеледі. Бұндай жағдай 2010 және 2014 жылдары Алматы және Қарағанды облыстарында болды. Елімізде 304 гидротехникалық құрылыс халықтың өміріне тікелей қауіп төндіреді, оның ішінде 216-да немесе 71% жергілікті құлақтандыру жүйелері жоқ. Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында төмен жарақтандырылған.

Жыл сайын Министрлік бөлімшелері мен әкімдіктердің күшімен су тасқынының өршуі кезінде ондаған қорғаныш бөгендерін шұғыл нығайту жолымен ұстайды. Халықты құлақтандыруды әр үйге жеке хабарлау арқылы жасалады. Бірақ бұл тек су тасқыны кезеңіндегі уақытша шаралар. Жалпы жағдай жылдан жылға қайталанады. Бар проблемалар өз шешімін таппайды.

«Су ресурстары және ирригация министрлігі әкімдіктермен бірлесіп қысқа мерзімде шешуі қажет. Су қоймаларын пайдалану кезінде су реттеуді жүзеге асыру кезінде де проблемалар бар. Мысалы Түркістан облысына сапары шеңберінде «Қазсушар» қарамағындағы Көксарай су реттегішіне бардым. Оның қазіргі жұмыс қабілеттілігі 50%-ті құрайды, 8 жерде ағындар түрінде су қоймасының дұрыс пайдаланбауы және судың уақтылы ағызылмауынан грифондар пайда болды. Жыл сайын «Қазсушар» тарапынан басқа да су қоймаларының су режимінің графигі сақталмайды. 2022 және 2023 жылдары Шардара суреттегішін толтыру бекітілген графиктен бір ай бұрын жүзеге асырылды. Бұл ретте судың жиналуын дұрыс реттемеу төмен тұрған елді мекендерге су жайылуына әкеп соқтыруы мүмкін», — деді ведомство басшысы.

Ол су тасқыны кезеңінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы тасып кетуге және шайылуға ерекше назар аударды. Әр көктемде көптеген елді мекендер іс жүзінде қатынассыз қалады. Бұл қоғамдық резонанс тудырады. Мысалы жыл сайын жол төсемінен судың тасып кетуіне байланысты Ақмола облысы, Қостанай облысы, Ақтөбе облысындағы кенттермен және ауылдарымен қатынас қиындайды. Бүгінгі таңда республика бойынша 900 автомобиль учаскесі және су басуға бейім алты жүзден астам теміржол учаскесі бар.

«Негізгі себеп – автомобильдер мен теміржолдар астындағы су өткізгіш құрылыстардың қабілетінің төмендігі немесе мүлдем болмауы. Нәтижесінде, тіпті жаңа жолдар да шайылып кетеді.Осыған байланысты, Көлік министрлігі мен әкімдіктер жөндеу-қалпына келтіру жолдарын жүргізу кезінде оларды салуды көздеуі қажет. Ағымдағы жағдайға оралсақ, елді мекендерді су басудың 12 фактісі және автожолдың бір тасып кетуі тіркелгенін атап өту қажет. Бұл ретте су тасқыны кезеңі әлі басталған жоқ», — деп түйіндеді сөзін спикер. 

Қаңтар және ақпан айларында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Атырау, Ақтөбе облыстарында температураның күрт ауытқуы мен қардың көп еруіне байланысты 15 аула аумағы, 29 саяжай учаскесі, 13 көше су астында қалып, жолдардан су тасып кетті. 

Министрлік барлық әкімдіктер мен мүдделі мемлекеттік органдарға айтылған мәселелерді шешу жөнінде шаралар қабылдауды табанды түрде ұсынады. Елді мекендерге су тасқыны қаупін азайту бойынша  іс-шараларды алдын ала жүргізу қажет. Бұл – қарды уақтылы шығару, өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу, елді мекендерді үйемелеу, техника мен адамдарды, инертті материалдарды, жинау пункттерін және халыққа арналған бірінші кезекте қажетті тиісті құралдарды дайындау.

Ел аумағындағы су тасқыны алдындағы гидрометеорологиялық жағдай туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндады.

2024 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша жазық аумақтағы қар жамылғысындағы ылғал қоры келесідей болып қалыптасты:

Көпжылдық орташа мәндерден жоғары:

- Ақмола облысының өзендерінің алаптарында 25%-дан 42%-ға дейін;

- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл өзенінің алабында 58%-ға;

- Қостанай облысының өзендерінің алаптарында 49%-дан 120%-ға дейін;

- Ақтөбе облысының Ойыл, Ор және Қосістек өзендері алабтарында 25%-дан 69%-ға дейін.

Көпжылдық орташа мәндерден төмен:

- Қарағанды облысының өзендерінің алаптарында 31%-дан 61%-ға дейін;

- Ұлытау облысы өзендерінің алаптарында 29%-дан  48%-ға дейін;

- Ақмола облысының Есіл өзені Астана су қоймасынан жоғары алабында 24%-ға;

- Қостанай облысының Қараторғай және Торғай өзендерінің алаптарында 15%-дан 23%-ға дейін;

- Ақтөбе облысының Ілек, Темір және Ырғыз өзендері алабтарында 17%-дан 52%-ға дейін;

- Батыс Қазақстан облысы өзендерінің алаптарында 13%-дан 55%-ға дейін;

- Атырау облысының Ембі өзенінің алабында 54%-ға;

Ақмола облысының Сілеті және Ақтөбе облысының Қарғалы өзендерінің алаптарында көпжылдық орташа мәндер шегінде байқалады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы таулы қар өлшеуіш маршруттарының мәліметтері бойынша елдің таулы бөлігінде қар қоры келесі жағдайда қалыптасты:

- Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының тауларында көпжылдық орташа мәндерден 22%-дан – 66%-ға жоғары.

- Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының тауларында көпжылдық орташа мәндерден 34%-дан – 73%-ға төмен;

- Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағындағы Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінде және Түркістан облысының Арыс және Жабағылысу өзендерінің алаптарында көпжылдық орташа мәндер шегінде;

Ағымдағы жылы еліміздің жазық аумағы бойынша топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштері көпжылдық орташа мәндерден жоғары:

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінің алаптарында 30%-дан – 151%-ға дейін;

Қостанай облысы өзендерінің алаптарында 34%-дан – 180%-ға дейін;

Атырау және Ақтөбе облыстарының өзендерінің алаптарында 61%-дан – 161 %-ға дейін;

Батыс Қазақстан облысы өзендерінің алаптарында 71%-дан 133 %-ға дейін;

Қарағанды және Ұлытау облыстарының өзендерінің алаптарында 74%-дан – 163 %-ға дейін жоғары;

Қарағанды облысының шөлді аймағында орналасқан Тоқырау өзен алабы ерекше болып тұр, бұл жерде топырақтың күзгі  ылғалдылығы 55 мм құрайды, норма 9 мм, нормадан 6 есе (511%) көп. Бұл өзендегі жоғары су тасқыны өзен алабында үлкен көлемдегі қар жамылғысындағы ылғал қоры жиналған кезде және ауа температурасы күрт көтерілген кезде ғана мүмкін болады. Бұл өзен үнемі бақылауда болады.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Ор және Қарағанды облысының Тоқырау өзендері алаптарында топырақтың қату тереңдігі былтырғы көрсеткіштерден 5-тен 35 см-ге дейін жоғары. Еліміздің жазық аумақтарының қалған өзен алаптарында өткен жылғы көрсеткіштерден 2 см-ден 91 см-ге дейін төмен. 

«Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ақпан және наурыз айларында температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болуы жағдайларында еріген су мен жаңбыр су тасқындары пайда болуы мүмкін», — деп атап өтіп министр, ақпанның үшінші онкүндігі бойынша синоптикалық болжаммен бөлісті.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын қар, елдің оңтүстігінде жаңбыр, ылғалды қар түрінде болады деп күтілуде. Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес наурыз айында ауа температурасы елдің көп бөлігінде климаттық норма шегінде, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде климаттық нормадан 1 градус жоғары болады деп болжанады. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан артық, еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде нормаға жақын болжанады. 

«Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін, жер бетіндегі мұз қабығының болуын, және де өзендердің мұз режимдерін талдай отырып су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді.  Қауіптілігі жоғары өңірлер: Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы және Түркістан облыстары. Орташа қауіпті өңірлер: Жетісу, Жамбыл және Павлодар, облыстары», — деп қорытындылады министр. 

«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне негізгі болжамды ағымдағы жылғы 5 наурызға дейін, одан кейін гидрологиялық болжамдарды апта сайын ұсынады. 

Гидрометеожағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулерді алдын ала екі-үш тәулік бұрын хабардар ететін болады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқынына қарсы іс-шараларымен таныстырды.

Ведомство басшысы, 2024 жылғы су тасқыны жағдайының болжамы «Қазгидромет» РМК-ның 1 ақпандағы (алдын ала гидроболжау) және 1 наурыздағы (нақтыланған гидроболжау) жағдай бойынша гидрологиялық болжамдары негізінде, кейіннен 31 наурызға дейін апта сайынғы болжамдарды ұсынуға көшумен жүзеге асырылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңінде Министрлік су қоймаларының толуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Толтырылу пайызы шығарылады, су қоймаларынан су ағызу көлемі мен ағыны бойынша алынған мәліметтер талданады.

Ағымдағы жылы су тасқыны кезеңі басталғанға дейін негізгі су қоймаларда су тасқынын қауіпсіз қабылдау үшін бос сыйымдылықтар құрылды.

Республикалық меншіктегі су қоймалары бойынша орташа бос сыйымдылық – 50%, коммуналдық және жекеменшік – 60% құрайды.

«Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану су шаруашылығы құрылыстарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін нұсқаулықтар мен басқа да құжаттардың сақталуымен қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн. Су қоймаларын пайдалану қағидалары оның жобалық мәндеріне қарай әрбір су қоймасы үшін жеке әзірленеді. Су қоймасын толтырудың қауіпсіз деңгейі қалыпты тірек деңгейінен аспайтын деңгей болып табылады», — деді спикер. 

Бүгінгі күнде барлық су қоймалар жинақтау режимінде жұмыс істеп тұр. Солтүстік өңірлер бойынша су қоймаларының орташа жинақталуы 81% құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 7%-ға артық.

Оңтүстік өңірлер бойынша су қоймаларының орташа жинақталуы 46% құрайды.

Батыс өңірлер бойынша су қоймаларының орташа жинақталуы 57% құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 17%-ға артық.

Шығыс өңірлер бойынша су қоймаларының орташа жинақталуы 75% құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 3%-ға артық.

Орталық Қазақстан бойынша су қоймаларының орташа жинақталуы 66% құрайды. 

Жалпы су қоймаларды толтыру бойынша жағдай тұрақты және тұрақты бақылауда.

Негізгі болжамды алғаннан кейін (наурыз айы) су қоймаларының жұмыс режиміне түзету енгізіледі.

«Барлық 1502 тірек гидротехникалық құрылыстарда, бассейндік инспекциялардың мамандары төтенше жағдайлар департаменттерімен, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ МТҚ меншік иелерімен бірлесіп жыл сайынғы көзбен шолып тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша 537-сі жөндеуді талап етеді, мұнда негізгі масса коммуналдық меншікте болады. Зерттеу нәтижелері бойынша бассейндік инспекциялар су тасқыны кезеңіне ГТҚ дайындау және тасқын суларды ГТҚ арқылы қауіпсіз өткізу бойынша актілер жасап ұсынымдар берді. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктері уақтылы дайындық іс-шараларын, оның ішінде тасқын суларды қауіпсіз өткізу бойынша іс-шараларды қабылдауы қажет. Сонымен қатар су заңнамасының талаптарына сәйкес ГТҚ иелері ГТҚ-ның аспаптық жай-күйін анықтауға және қауіпсіздікті декларациялауға мүмкіндік беретін көп факторлы зерттеу жүргізуге міндетті», — деп атап өтті министр.

Мәселен, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қолда бар 1502 ГТҚ-тан 118 ГТҚ-ға көп факторлы тексеру жүргізілді, оның ішінде республикалық меншік 32, коммуналдық меншік 79, жеке меншік 7.

Сондай-ақ бассейндік инспекцияларда 115 қауіпсіздік декларациясы тіркелген, оның ішінде республикалық меншік 49, коммуналдық меншік 52, жекеменшік 14.

Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері коммуналдық және жеке меншіктегі МТҚ-да көп факторлы тексерулер жүргізбегенін атап өтеміз. Сондықтан аталған әкімдіктер шұғыл шаралар қабылдауы қажет.

Сондай-ақ Алматы (4), Павлодар (1) және Қарағанды (4) облыстарының әкімдігі иесіз МТҚ бойынша коммуналдық меншік балансына қабылдау рәсімдерін аяқтауы қажет.  

«Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында Министрлік жанынан жедел ден қою және талдау үшін су тасқынына қарсы комиссия мен жедел штаб құрылды, сондай-ақ «Қазсушар» РМК филиалдарының базасында су тасқынына қарсы өңірлік комиссиялар құрылды. ТЖ туындаған жағдайда «Қазсушар» РМК бөлімшелері инертті материалдардың қажетті қорларын дайындады», — деді министр.

Су тасқыны кезеңінде автомобиль мен темір жолдарды дайындау шеңберінде қабылданып жатқан тиісті шаралар жөнінде көлік министрі Марат Қарабаев баяндады.

Республикалық автожолдар бойынша су тасқыны қаупі бар 396 учаскі, 68 көпір және 650 су өткізу құбырлары анықталған. Тәулік бойы кезекшілік пен күнделікті қарау ұйымдастырылды.

Су тасқыны кезеңінде іс-шараларды жедел қабылдау үшін барлық аймақтарда қажетті инертті және басқа да материалдар дайындалуда. Қазіргі уақытта 10 мың текше метр құм, 3 текше метр тау тас және 2 мың текше метр қиыршық тас, 12 мың текше метр құм-тас қоспасы және 49 мың дана қапшық дайындалды.

Еріген сулардың өтуін қамтамасыз ету мақсатында ауа райы жағдайына байланысты су өткізгіш құбырларының саңылауларын ашу мен қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Автожолдарды реконструкциялау кезінде су тасқыны қаупі бар учаскелерде келесі жұмыстар атқарылып жатыр:

- қосымша жасанды құрылыстар салынуда;

- су өткізу құбырларын көбейтіп, диаметрлері ұлғайтылуда;

- жер төсемінің биіктігі арттырылуда.

«Бұл шаралар жол учаскелерінің бұзылуын болдырмауға және көлік құралдарының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы соңғы 3 жылда су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 20%-ға азайтылды. Темір жол саласында, ҚТЖ Ұлттық компаниясы «Мұзжарғыш пен тасқын суларды өткізуге жол мен жасанды құрылыстарды дайындау туралы» бұйрықты бекітті. Бұйрық шеңберінде су тасқыны кезеңінде жолдың және жасанды құрылыстардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі», — деп хабарлады министр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарымен бірлесіп, темір жолдан жоғары орналасқан 83 су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны кезеңінде іс-шараларды қабылдау үшін, шамамен 2 мың 600 текше метр тау тастар мен 8 мыңнан астам кондициялық емес темірбетон шпалдары, 17 металл аралық құрылымдар, 45 рельсті пакеттер мен 145 құбыр әзірленді. 45 арнайы пойыздар құрылуда.

#Көлік #Су тасқыны #Экология #су ресурстары #ҚР ТЖМ #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу