Шығыс Қазақстан облысында катодты мыс өндіретін ірі зауытты іске қосу жоспарлануда

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 300 мың тонна катодты мыс балқыту зауытын салу жоспарлары талқыланды. Жобаны іске асыру Қазақстанға елеулі шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға, сондай-ақ мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жаңа зауыт Қазақстан экспортын ұлғайтуға елеулі үлес қосады.

Кеңеске қатысушылар салық салу, электрмен жабдықтау, инвесторлардың құқықтарын қорғау, шетелдік жұмыс күшін тарту, жалпы республика заңнамасының экологиялық талаптары мен нормаларын сақтау мәселелерін қозғады.

Премьер-Министр талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға осы перспективті жобаны табысты іске асыру мақсатында инвесторлармен белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу