Қаржы министрлігі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражаттарды игеруді апта сайын бақылайды — Б. Шолпанқұлов

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаражаттарды игеру туралы мәлімдеді.

Барлық мемлекеттік бағдарламалар қаржы министрлігінің бөлек бақылауында — жүйенің онлайн мониторингі жүргізілуде.

«Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеке шолу және апта сайынғы монторинг жүргізіледі», — деді Берік Шолпанқұлов.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыны игеру туралы айтар болсақ, биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бағдарлама шараларына бөлінген қаражаттың 400,3 млрд теңгесі немесе есептік кезеңнің төлем жоспары бойынша 96,9%-ы игерілген.

«Бүгінгі таңда 2017 жылдың қорытындысы бойынша 99,9% игеруді болжаймыз. Игерілмеген бөлігі тек бюджет қаражатын үнемдейді. Демек, игерілу 100% деп айтуға болады», — деп қорытындылады қаржы вице-министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу