Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатамын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында 2019 жылғы 20 наурызда 12 сағат 00 минутта өткізілсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 19 наурыздағы № 887 Жарлығының мәтінінде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу