ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында жекешелендіру мәселелері талқыланды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында жекешелендіруге қатысты кейбір мәселелер, соның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жобалық кеңсесінің компаниялардың акциялар пакеттерін көпшілік арасында таратуға дайындық жұмыстарына және топтың кейбір активтерін қайта құрылымдау немесе өткізу тәсілдерін бекітуге қатысты ұсыныстары талқыланды. Сондай-ақ, күн тәртібінде «Самұрық-Қазына» басқару жүйесінің реформасына байланысты мәселелер қаралды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу