ҚР Үкіметінің отырысында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралады

Сейсенбі күні, 29 тамызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

• ҚР 2018–2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

• «2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңының жобасы. 

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының «Макроэкономикалық тұрақтылық» үшінші басымдығын іске асыру барысы туралы брифинг өтеді. 

Отырыс пен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу