14 Желтоқсан 2017, 01:24
Бүгін сағат 10:30-да Астанада «Самұрық-Қазына. Reinvention» мәдени кілті» тақырыбында «Самұрық-Қазына» АҚ кеңейтілген отырысы өтеді.
Іс-шараға Директорлар кеңесінің мүшелері мен Қордың және қоржындық компаниялардың қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады, олардың ішінде:
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев;
ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов;
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Калетаев;
«Самұрық-Қазына» АҚ Тәуелсіз директоры Сэр Ричард Эванс;
Deloitte Kazakhstan серіктесі Людмила Гречаник;
«Мейірімділік» ерікті қоғамы» ҚҚ директоры Аружан Саин;
«КEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев;
«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік орталығын трансформациялау жобасының жетекшісі Лариса Зямзина;
«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлер жөніндегі Басқарушы директоры Берік Битабаров;
«Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетін дамыту жөніндегі директор Владимир Шиков және басқалары.
Кеңейтілген отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан, YouTube арнасынан, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ ресми парақшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу