ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды:

  • Айдос Ыдырысұлы Үкібай – Елбасының баспасөз хатшысы;

  • Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы;

  • Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;

  • Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

  • Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;

  • Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу