Жаңа Салық кодексі ҚР-дағы геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді

2030 жылға дейін геологиялық барлауға 7 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы аясында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

Осылайша, Тимур Сүлейменовтың мәліметінше, геологиялық барлауды ынталандыру мақсатында бірқатар салықтар біріктіріледі.

«Бізде маңызды кен орындары бар, олар көп шығынды талап етеді және қазіргі уақытта инвесторлар үшін тартымды емес. Солар бойынша жер қойнауын пайдалануға бірқатар салықтарды біреуіне — жер қойнауын пайдалануға баламалы салыққа біріктіру ұсынылды», — деп хабарлады ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар, қазыналық жүктеме бойынша салық сондай болып қалады. Оны реформалау жоспарланған, бұл осындай кен орындарына инвестициялар тарту бойынша жұмысты жеңілдетеді.

«Біз мөлшерлемені өзгертпейміз, біз салық жүйесі мен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынас үлгісінің өзгеруін қамтамасыз етеміз. Өйткені, жаңартылған кодекс негізінде еріктілік, ашықтық және серіктестік қағидаты бар», — деп толықтырды қаржы министрі.

Оның айтуынша, жер қойнауын пайдалану бойынша қосымша салық шараларын үйлестіру және Жер қойнауы туралы жаңа Кодекс жобасымен үйлестіру есебінен 2030 жылға дейін 7 трлн теңге сомасында қосымша инвестиция тарту күтілуде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу