Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.

Аталған компаниялардың қызметі агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібін, бөлшек сауданы, телекоммуникациялар мен медианы, цифрлық технологияларды, автомобиль өнеркәсібін, фармацевтиканы, қаржы, банктік қызметтерді, жылжымайтын мүлік және мұнай-газ салаларын қамтиды.

Кездесу барысында Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік инвестицияларды тартудың, халықаралық инвесторлармен ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестік қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылып жатқаны айтылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жаңартылатын энергетиканы дамыту, цифрлық инфрақұрылым, деректерді өңдеу орталықтарын құру сияқты бағыттардағы жобаларға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға әлеуетті инвесторлармен бірлесіп бастамаларды пысықтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

#АӨК #Инвестициялар #Нұрлыбек Нәлібаев

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу