Нұрлыбек Нәлібаев химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев химия өнеркәсібінің даму мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда сала кәсіпорындарының тұрақты жұмысы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі сұрақтары қаралды.

Кәсіпорындарды қажетті шикізатпен және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге, сондай-ақ теміржол тасымалдарына экономикалық негізделген тарифтерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Жиынға қатысушылар саланы одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және тежеуіш факторларды жою шараларын талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді.

#Нұрлыбек Нәлібаев #Өнеркәсіп

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу