Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

А. Есімовтің мәліметі бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52%-ға артып, 1,1 трлн теңгеден асты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу