29 Қараша 2017, 09:30
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада жұртшылыққа 2017 жылы Еуразиялық интеграция институты жүргізген «Н. Ә. Назарбаев — рухани жаңғыру» және «Н. Ә. Назарбаев — еуразиялық интеграциялық процестер: жаңғырту келешегі» блоктары бойынша екі кешенді әлеуметтік зерттеу нәтижелері таныстырылды.
Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, облыстардың ішкі саясат басқармаларының, ғылыми-сараптамалық және әлеуметтік қауымдастықтардың өкілдері, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінің қызметкерлері қатысты.
Зерттеу барысында сандық және сапалық әдістердің жиынтығы пайдаланылды, соның ішінде: әрбір сауалнамада (14 облыстың қала және ауыл халқы, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары) 2000 адам қайталап таныстырмалы іріктеме бойынша халық арасында жаппай анкеталық сауалнама, фокус-топтық пікірталастар, сарапшылардың сауалнамасы, терең сұхбат, БАҚ және әлеуметтік медианың мазмұндық талдауы бар. Бұл тәсіл қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жаңғырту процестерін барынша кең және объективті түрде қарастыруға мүмкіндік берді.
Еуразиялық интеграция институтының (ЕИИ) директоры Ғани Нығыметов Тұңғыш Президент күніне орай зерттеу нәтижелерін таныстыру мәнді екенін атап өтті, себебі Үшінші жаңғырту мен рухани жаңғыру мәселелері Мемлекет басшысының стратегиялық бағытымен тығыз байланысты.
«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, халықтың 90%-ы және сарапшылардың 96%-ы Н. Назарбаевты ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің басты кепілі, яғни Қазақстан халқының басты құндылықтарының бірін сақтаушы деп санайды. Осылайша, Мемлекет басшысына деген сенімнің жоғары деңгейі – жаңғырту процестерін табысты дамытудың мықты тірегі», — деді Ғани Нығыметов.
Оның айтуынша, ел дамуының стратегиялық мәселелері бойынша қоғамдық бәтуаластыққа қол жеткізудің маңызды сәті — бұл мемлекетте қабылданып жатқан реформаларға қоғамның жаппай қолдау көрсетуі.
«Бірінші және екінші жаңғырту кезінде жүргізілген реформалардың сәтті өтуіне Елбасының еліміздің әлеуметтік шынайылығын қайта құру бойынша бастамалары мен идеяларына халық сенімінің жоғары болуы себеп. Бұл мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясатқа деген сенімнің бар екенін растайды. Сауалнама нәтижесі бүгінгі таңда сауалнамаға жауап берген қазақстандықтардың 89,6%-ы елдегі мемлекеттік саясатты қолдайтынын көрсетеді», — деді институт директоры.
Сауалнама барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған рухани жаңғыру тұжырымдамасын қазақстандықтардың түсіну дәрежесін анықтау қажет болды. Респонденттердің басым бөлігі осы бағдарламадан ұлттың адами капиталының сапалы өсу мүмкіндігін көреді. Соның ішінде, сауалнамаға жауап берушілердің 27% рухани жаңғыруды азаматтардың ойлау жүйесін қазіргі заманның жағдайларына сәйкес өзгерту ретінде түсінсе, тағы 27%-ы адамдардың, әсіресе жастардың, бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы деп есептейді, 18% — азаматтардың білімін сапа жағынан жақсартудың жолы деп біледі. Тағы 15%-ы рухани жаңғыруды Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін арттыру мүмкіндігі деп қарастырады.
Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық қоғам жаңғырту бағытын белсенді түрде қолдайды: үштен бір бөлігі ел дамуына қажет деп есептесе (31,8%); респонденттердің төрттен бір бөлігі Үшінші жаңғыруды жүзеге асырудан қазақстандықтардың өмірі одан әрі жақсарады деген сенімде.
Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың көпшілігі (57,1%) еліміздің одан әрі дамуына қажетті деп, рухани жаңғырту идеясын қолдайды. Респонденттердің үштен бірі (34,7%) жаңғырту қажет, алайда алдымен халықтың өзекті мәселелері шешілуі керек деп санайды.
Сарапшылар қоғамы ұлттық зиялылардың жаңғырту идеяларын одан әрі дамытудағы, сондай-ақ басты мән-мағынасы мен идеяларды түсіндіру мен таратудағы маңызды рөлін растайды. Сауалнамаға жауап берген сарапшылар реформалардың қозғаушы күші мен драйвері ретінде ең алдымен ғылыми интеллигенцияны (57%) көрді. Жаңғыртудың қозғаушы күші ретінде ақпараттық элитаны сарапшылардың 43%, қоғам қайраткерлері мен құқық қорғаушыларды — 39%, шығармашылық зиялыларды – 33% есептейді.
Жаңғырту үдерістерін одан әрі дамыту тұрғысында «Қазақстан даму жолында не нәрсеге талпынуы керек?» деген сұрақ 41,8% «шын мәнінде демократиялық мемлекет болу» деп жауап берді; респонденттердің 34,6% «индустриалды дамыған елге айналу» деп жауап қатты. Жауаптардың ішінде «өмір сүру мен адамның өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдайлар жасалған елге айналу» (28,2%); «Орталық Азиядағы көшбасшы болу» (26,3%); «Әскери қуатты державаға айналу» (20,6%); «Әлеуметтік әділеттілік және әл-ауқат елі болу» (20,2%) деген де жауаптар болды.
Сарапшылар рухани жаңғыру процесінде дәстүрлі құндылықтардың шығармашылық рөлін болжайды: сарапшылардың көпшілігі (70%) дәстүрлі құндылықтар білім, еңбек, бәсекеге қабілеттілік, қоғамдағы прагматизм құндылықтарының өсуіне ықпал ететініне сенеді.
ЕИИ директорының орынбасары Наталья Калашникованың баяндамасында «Н. Ә. Назарбаев — еуразиялық интеграциялық процестер: жаңғырту келешегі» тақырыбында әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы таныстырылды. Ол өз сөзінде Қазақстанның сыртқы саясатына тән ерекшелігі — көптеген елдерге үлгі болған, әлемдік саясатқа, экономикаға, әлемдік тәртіптің жаһандық бастамаларына бірігу үрдісі екенін атап өтті. Н. Назарбаевтың прагматизмі еуразиялық кеңістіктегі елдерді интеграциялаудың айрықша қажеттілігін көруге мүмкіндік берді, ал еуразиялық интеграциялық процестердің қарқынды дамуы оның стратегиялық көрегендігін растады.
Қазақстан тұрғындары сауалнамасының нәтижесі бойынша респонденттердің 87,3%-ы мемлекеттің сыртқы саясаты дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенімді. Тек 6,5%-ы бұл мәлімдемемен келіспейді.
Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі — 86% Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуын мақұлдады. Тек 6,5% қарама-қарсы көзқараста. Респонденттердің 3% Еуразиялық экономикалық одақ туралы ештеңе білмейтінін айтты.
Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты, тұтастай алғанда, жаппай сауалнамаға қатысушылар мен сарапшылардың пікірлері сәйкес келеді. Қолға алған бағытқа қолдау көрсететінін 96% сарапшы растады.
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуын жауап беру қиын дегендерден басқа барлық сарапшылар бірауыздан мақұлдады. Атап айтқанда, Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуын мақұлдайтындар — 82%, 16% — «дұрыс шығар», «жоқ» деп жауап берген респонденттердің саны 2% құрайды.
Зерттеулерге сәйкес респонденттердің басым бөлігі Қазақстан үшін ынтымақтастық орнатуға ең қолайлы деп Еуразия экономикалық одақ елдерін (43,1%), Қытайды (32,7%) және Еуропа елдерін (32,3%) санайды.
ЕИИ зерттеулерінің деректері бірқатар зерттеулер мен басқа да әлеуметтік орталықтардың деректерімен расталады.
Елбасының еуразиялық интеграциялық идеясының конструктивті мағынасы, ең алдымен, еуразиялық кеңістік халықтары мен елдерінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы бірлескен жетістіктермен өзара баюы, өзара түсіністік, төзімділік пен тату көршілік қатынас — бұл еуразияшылдықтың ең маңызды мұрасы. Бұл құндылықтар қазірдің өзінде сұранысқа ие және болашақта үлкен перспективаға ие екені сөзсіз.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың аса маңызды әлеуметтік-саяси құндылықтарының бестігіне еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі (49,3%), ұлттық қауіпсіздік (41,2%), ұлттық бірлік (39,2%), адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығы (37,0%) және тұрақты экономикалық өсім (35,8%) кірді. Бұл табысты реформа жүргізу үшін берік негіз болады.
Осылайша, Н. Калашникова Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан сыртқы саясаты еуразиялық интеграцияны жаңғыртуға, Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуға бағытталған деп қорытындылады.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова Қазақстанда алтыншы жыл қатарынан мерекеленіп келе жатқан Тұңғыш Президент күніне орай ұсынылған материалдың құндылығын атап өтті. Спикер сауалнамаларға сәйкес халық кеңінен қолдау білдіретін құндылықты бағдарлар мен интеграциялық бастамаларды Ұлт көшбасшысының идеясы екенін айтты.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық бөлімшесінің директоры Александр Сидорович «ЕИИ ұсынған деректер ішкі қолданыс үшін құнды материал» екенін айтты. Дегенмен, EАЭО деректерін Ресей Федерациясында да жұртшылық игілігі ретінде ұсыну керек, өйткені қазақстандықтар арасында айқындалған үрдістер, олардың үміттері мен ЕАЭО келешегіне қатысты көзқарасы мұқият зерделеудің бірегей мысалы мен құралы бола алады» деді.
«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская институт жүргізген зерттеулерді елге жариялаудың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, ЕИИ нәтижелері ел Президентінің елдегі тұрақтылықтың, тыныштық пен ілгері жылжудың басты кепілгері екенін растайтынын мәлімдеді.
Ұсынылған көрсеткіштердің маңыздылығын ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Нұрсұлу Шаймерденова да атап көрсетті. Оның пікірінше, ЕИИ деректердің кең ауқымын ұсынды, олардың әрқайсысы Қазақстанның ғылыми-сараптамалық қауымдастығының және тікелей мемлекеттік органдардың, соның ішінде еліміздің облыстары мен қалалары тұрғысында барлық зерттеу материалдарының тиісті пакеті берілген өңірлерде де егжей-тегжейлі мәнін түсініп, пысықтауын талап етеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу