26 Мамыр 2026, 11:21

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Олжас Бектенов қауіпсіз және ұйымдастырылған демалысты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
«Балалардың көпшілігі жазғы демалысқа шығады. Осы жауапты кезеңді тиісті деңгейде әрі қауіпсіз өткізу – барлық мемлекеттік органдар үшін ортақ міндет. Әрбір мектеп оқушысы, әрбір түлек, әрбір студент үшін оқу жылын сәтті аяқтауға және жазғы демалысты толыққанды өткізуге қолайлы жағдай жасалуы тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.
Өңір әкімдіктері, Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктері осы аптаның соңына дейін балалардың демалыс және сауықтыру орталықтарының толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.
Биыл 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және 187 маусымдық балалар білім беру-сауықтыру орталығын, сондай-ақ тамақпен қамтамасыз ететін және тамақсыз 11 мыңнан астам мектеп жанындағы лагер кезең-кезеңімен ашылмақ. Жалпы жазғы демалыс бағдарламаларымен 3,1 млн баланы қамту жоспарланып отыр.
Премьер-министр барлық нысан санитариялық, өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс екенін атап өтті. Тағам сапасын, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін, медициналық қолдау және кадрлармен қамтамасыз ету барысын ұдайы бақылауда ұстау қажет.
Отырыс барысында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде балалармен және жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізу мәселесі қаралды. Барлық білім беру-сауықтыру және мектеп жанындағы орталықтардың бағдарламалары азаматтық, адамгершілік және мәдени құндылықтарды дәріптеуге және «Адал азамат» буынын дайындауға бағдарлануы тиіс.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы шеңберінде жазғы жұмыспен қамту бағдарламаларына экологиялық акцияларды, волонтерлік жобаларды, аумақтарды абаттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау шаралары енгізіледі.
Сонымен қатар Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт министрліктеріне балалардың мінез-құлық мәдениетін жан-жақты қалыптастыру жөніндегі жол картасын жедел әзірлеуді тапсырылды. Құжатта саламатты өмір салты, спортпен шұғылдану, дәстүрлі құндылықтар мен мәдениетті құрметтеу, дұрыс тамақтану, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық, жеке гигиена қағидаттары қамтылады.
Премьер-министр Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды.
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасына назар аударып, мәдениетсіздік пен вандализм көріністеріне белсенді түрде қарсы тұру қажет. Жақында Мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше назар аударды. Оны шешуге ерте жастан бастап кірісу керек. Ең алдымен, мінез-құлық мәдениеті, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті дәріптеу, өз елі мен әлем тарихын білу сияқты құндылықтарға баса мән берілуге тиіс. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайлардың алдын алуға тартылған барлық қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылын нақты үйлестіру қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.
Мектептегі демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ерекше күшейту қажет. Әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жастар көп жиналатын жерлерді патрульдеу жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс. Балалар лагерьлерінің жетекшілерімен, нұсқаушылармен және тәрбиешілермен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, демалушыларды эвакуациялау және құтқару бойынша жаттығулар өткізіледі. Балалар лагерьлерінің жетекшілерімен, нұсқаушылармен және тәрбиешілермен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, демалушыларды эвакуациялау және құтқару бойынша жаттығулар тексереді.
Сондай-ақ, Олжас Бектенов жол-көлік оқиғаларының алдын алу және кәмелетке толмағандарды ұйымдастырылған тасымалдау барысына бақылауды күшейту керектігін баса айтты.
Бұл бағыттағы жұмыстар ІІМ, әкімдіктер, білім беру ұйымдары мен ата-аналардың бірлескен күш-жігерімен жүргізілуі тиіс.
Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен бірге ішкі балалар туризмінің қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс. Мәдениет министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың музейлер мен театрларға, кітапханалар, мәдени орталықтар мен ұлттық саябақтарға тегін бару бағдарламаларын кеңейтуі керек.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірге оқушылар мен студенттерді уақытша жұмыспен қамту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс, бұл ретте барлық еңбек құқықтары мен қауіпсіздік нормаларын сақтау керек. Сондай-ақ аз қамтылған отбасылар мен ауылдық жерлердегі балалардың бос уақытына назар аудару керек. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ ауылдық жерлердегі балалардың демалысы мен оларды сауықтыру шараларын ұйымдастыруға басымдық берілуі тиіс.
Өскелең ұрпақ арасында мемлекетке, қоғамға және еңбекке деген құрмет қағидаттарын насихаттаудың маңыздылығы атап өтілді. Ол үшін «Заң мен тәртіп» қағидаттарын, сондай-ақ мемлекетке, қоғамға және еңбекке құрмет құндылықтарын насихаттауға бағытталған шығармашылық және танымдық жобалар, пікірталас алаңдары мен акциялар ұйымдастырылады.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде мемлекеттік қолдау шаралары, балалар демалысының инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жазғы еңбекпен қамту жұмыстарын ұйымдастырумен қатар отбасы мен ата-ананың алатын орны ерекше.
#Олжас Бектенов #Балалардың құқығын қорғау #Білім беру #Үкімет отырысы«Баланың өміріндегі ең маңызды құндылық – ол оның отбасы. Ата-аналар баланың өміріне бей-жай қарамай, араласатын ортасын, қызығушылығы мен бос уақытын қалай өткізетінінен хабардар болуы керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, отбасында ата-анасының мейіріміне бөленіп, дәстүрімізді біліп, ең жақын жандардан өнеге алып өскен бала өз бойына адалдық, еңбекқорлық және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін сіңірген жеке тұлға ретінде қалыптасады», — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу