Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол 2026 жылғы қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2026 жылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығындағы кезеңге «2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 402,2 мың тонна дизель отынын беру кестесі» бекітілгенін айтты.

«Өңірлердегі дизель отынына Энергетика министрлігі ұсынатын ағымдағы баға  литріне 263 теңге болады. Түпкілікті бағаны өңірлік оператор белгілейді, ол литріне 281 теңгені құрайды, бұл литріне 49 теңгеге арзан немесе автожанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан 15 %-ға төмен», — деп атап өтті министр. 

2024 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар:

  •  жеке ПИН-кодтар белгіленді;

  • дизель отынының түсін сары, көк және қызылға бояу;

  • электрондық шот-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру.

Ведомство басшысының айтуынша нәтижесінде нақты іріктеу 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін немесе 127 мың тоннаға немесе 21%-ға азайды.

Бұл практиканы жалғастыру ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Ақпан-сәуір аралығындағы кезеңге 402,2 мың тоннадан 204,8 мың тоннаға немесе 51% дизель отыны тиеп-жөнелтілді:

  •  ақпан – 13,5 мың тоннадан 12,7 мың тонна немесе 94%;

  • наурыз – 114,5 мың тоннадан 94,3 мың тонна немесе 84,3%;

  • сәуір – 125,3 мың тоннадан 97,8 мың тонна немесе 78,3%;

  • мамыр – жоспар 116,3 мың тонна;

  • маусым – жоспар 32,9 мың тоннаны құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизель отынын тиеп-жөнелту Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.

#Көктемгі егіс жұмыстары #Энергетика #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу