Үкімет Сенаттың қарауына республикалық бюджетке өзгерістерді енгізді

ҚР Парламенті Сенатында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланады.

Бюджеттің кірістері мен шығыстары қайта қаралғаннан кейін 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері төмендегідей болды:

  • бюджет түсімдері 1,5 трлн теңгеге көбейіп, 19,3 трлн теңге болмақ;

  • 2023 жылы бюджет шығыстары 1,5 трлн теңгеге өсіп, 22,5 трлн теңгені құрамақ.

Шығыстар құрылымында әлеуметтік сектордың үлесі 37,5%-ды құрайды. Мәселен, биыл әлеуметтік салаға 8,5 трлн теңге жоспарланған, бұл бекітілген жоспардан 298 млрд теңгеге артық.

Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2023 жылға 3,5 трлн теңге көзделген, көрсеткіш 1,3 трлн теңгеге ұлғайды.

Өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 7,2 трлн теңге бөлінеді, бұл бюджеттің жалпы шығыстарының 32%-ы.

Бұдан басқа 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында Мемлекет басшысының Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ Президенттің жекелеген тапсырмаларын, оның ішінде өңірлерге жұмыс сапары қорытындылары бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу