Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту перспективалары

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Сингапур Республикасының Премьер-Министрі кеңсесінің министрі, екінші сыртқы істер және білім министрі, доктор Малики Османмен келіссөз жүргізді.

Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық және көлік-коммуникациялық екіжақты өзара ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр кеңсесіндегі министр, доктор Малики Осман жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, нәтижелі келіссөздің арқасында Қазақстан-Сингапур байланыстары біртіндеп кеңейетініне сенім білдірді.   Өз кезегінде Серік Жұманғарин Қазақстанның Сингапурмен сауда-экономикалық саладағы өзара тиімді қарым-қатынастарға мүдделі екенін атап өтті.

2022 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-ты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық ($0,6 млрд).

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу