Тұңғыш Президент – Елбасы бірқатар шешімдерге қол қойды

Шешімдердің мәтіндері Ақорда сайтында жарияланған.

«Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары болып тағайындалсын», — делінген шешім мәтінінде.

Бұдан өзге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы шешімімен Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу